Бас прокуратурамен Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталды. 08.06.2023 жылы Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ-де болған өртте 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза тапты. Тергеп-тексеру нәтижесінде өрттің шығу себебі анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталғандай, өрттің шығу себебі қылқанжапырақты ағаштың діңіне түскен найзағай (құрғақ найзағай), жер жамылғысының тұтануына себеп болған.
Аталған нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталады.
Өрт кезінде «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде 14 тұлғаның өліміне әкеліп соқты.
«Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен сараланып (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген), «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Экология және табиғи ресурстар және төтенше жағдайлар министрліктерінің лауазымды тұлғаларының әрекетсіздік дерегімен тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Мамандардың қорытындылары алынғаннан соң барлық лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.