2024 жылғы 9 шілдеде әрбір адамның мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсетуі арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы бастау алды. Марафон 9 шілде мен 1 желтоқсаны аралығында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Марафон аясында «Мейірімділік апталығы мен тақырыптық іс-шаралар» өткізу жоспарланған:
- 9-14 шілде аралығында «Экология» апталығы;
- 12-18 тамыз аралығында - Жастар күніне арналған апта;
- 23-29 қыркүйек аралығында - Қарттар күніне арналған апта;
- 3-9 қазан аралығында - жануарларды қорғау күніне арналған тақырыптық іс-шаралар;
- 4-10 қараша аралығында – «Инклюзия» бағытындағы мейірімділік апталығы.
Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылады, ол «игі істердің» жалпы санын есептейді.
Желтоқсан айының бірінші онкүндігінде белсенді қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл» номинациялар бойынша, сондай-ақ Марафонды жарықтандыруға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін арнайы номинация бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.
1. Хештеги):
#ИгіІстерМарафоны2024
#МарафонДобрыхДел2024
#MarathonOfGoodDeeds2024
2. Слоган: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады! Маленькие дела – большие перемены!