Біржан Нұрымбетовті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. "Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында. Біржан Бидайбекұлы НҰРЫМБЕТОВ 1968 жылы 19 наурызда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Механика және қолданбалы математика» мамандығы бойынша және Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1993 – 1996 жылдар аралығында – Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы; 1996 жылы – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі; 1997 жылы – Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі; 1997 – 2008 жылдар аралығында – «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМКК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры; 2008 – 2009 жылдар аралығында – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы; 2009 – 2012 жылдар аралығында – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; 2012 – 2015 жылдар аралығында – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары; 2015 – 01.2017 жылдар аралығында – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі; 2017 – 12. 2017жылы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; 2017 жылғы желтоқсаннан – ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.