Қашаған кен орнынан 11,5 млн тонна мұнай экспортқа жөнелтілді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Қытай мұнайды юаньмен саудалай бастады Қарағанды облысындағы газ құбырының құрылысы 2019 жылы басталады Астанаға газ тарту кезінде мыңдаған жұмыс орны ашылады - Энергетика министрлігі «Жыл басынан бері Қашаған кен орнынан 2,5 млн тонна мұнай және бір жарым млрд текше метр газ өндірдік. Кен өндіру басталған 2016 жылдың қыркүйегінен бастап біз Қашағаннан 11,5 млн тонна шикі мұнай экспорттадық. Сонымен қатар 3,5 млрд текше метр табиғи газ өндірілгенін айта кетейік. Бұл газ «ҚазТрансГаз» құбыр желісі жүйесіне жіберіледі»,-деді North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) консорциумының басқарушы директоры Бруно Жарден «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.
Ол сонымен бірге Қашаған мұнайының батысқа қарай Атырау - Новороссийск құбыр желісі және солтүстікке қарай Ресейдің «Транснефть» компаниясының жүйесі арқылы Атырау-Самара бағыттында экспортталатынын, сонымен қатар шығыс құбыр желісі арқылы Атырау-Алашаңқайға жіберілетінін айтты.