12 тамызда Халықаралық Каспий теңізі күні аталып өтеді. Бұл күн өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелері, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығы туралы маңызды еске салады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дәл осы күні БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының көмегімен әзірленген Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция (Тегеран конвенциясы) күшіне енді, оған бес Каспий маңы елдерінің: Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан үкіметтерінің өкілдері қол қойды.