«Үкімет шұғыл түрде ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің басты факторы», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауы барысында. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Әлемдегі геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты еліміз қазір тарихымызда бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтарға тап болды. Қатаң санкциялық текетірестер бүгінде жекелеген елдердің ғана емес, бүкіл жаһандық экономиканың елеулі шығындарына себеп болуда. Жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр. Әлемдік нарықтарда беймәлім жағдайлар күтілуде. Өндірістік сауда тізбектері құлдырауда, бірақ дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ. Үкімет шұғыл түрде дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды іске асырып, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.