Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Конституциялық сот институтын құру қажеттілігі туралы мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл қабылданатын заңдар мен шешімдердің Конституция нормаларына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Конституция - бүкіл құқықтық жүйенің тірегі. Бірақ заңды актілер немесе белгілі бір шешімдер Конституцияда жазылғандарға сәйкес келе ме деген сұраққа жауап беру қиын. Қазақстанда түрлі құқықтық нормаларды Конституциялық Кеңес арқылы түсіндіріледі. Бірақ азаматтар тікелей кеңеске жүгіне алмайды. Көптеген елдерде Конституциялық сот институты бар, оған кез-келген азамат жүгіне алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бізде осындай орган болды. Сарапшылардың Конституция нормаларының сақталуын қадағалауы үшін бізге осындай орган қажет деп санаймын, - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, ол Конституциялық сотқа Бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл өтінім бере алатынын айтты.