Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. сайты.
Бүгінде азаматтар мен қоғам белсенділерінің әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттігіне қатысты өтініштері жиілеп кетті. Бас прокуратураға осы мәселені жан-жақты зерделеп, шешуді тапсырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.