Еліміздегі автоХҚО-дағы техникалық ақау жойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Техникалық ақауға байланысты 29 қыркүйекте автоХҚО-да жүргізуші куәлігін алғаш рәсімдеушілер және қосымша санат алушылар үшін мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болды. Қазақстандықтар жүргізуші куәлігі үшін емтихан тапсыра алмады. Қазірде ақау жойылып, жүргізуші куәлігін алу қызметі қалпына келтірілді, делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.