Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Бүгін Көкшетауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді. Аталған форум Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 13:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі», делінген хабарламада.