© Фото Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығынан алынды
1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін – халықтың жаһандық трагедиясы. Бұл ауыр жолда қаншама адам жанын пида етіп, мүліктерінен айырылып, депортацияға ұшырады.
Осыған орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Елде осы бағытта жүйелі жұмыстар басталып кетті.
Қазір Маңғыстау облысында арнайы комиссия жасақталып, жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында өлке тарихын зерттеп-зерделеп жүрген елімізге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен арнайы мамандар бар. Комиссия мүшелері өңір халқымен кездесіп, жинақталған материалдарды жан-жақты саралап, мемлекеттік комиссияға тапсырады.
Мақсаты — саяси-қуғын сүргін құрбандарына ұшырап, өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін ақталмаған азаматтардың нақты санын анықтау.
Әрине бұл ауқымды жұмыс қажырлы еңбек пен уақытты талап ететінін ескере отырып, осы орайда облыс тұрғындарынан үлкен көмек сұраймыз!
Мәліметтерді жинақтау үшін:
1)Фейсбук : Саяси Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау (https://www.facebook.com/profile.php?id=100062847234429)
2)Телеграм канал: Маңғыстау облысы бойынша Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау (https://t.me/joinchat/qFAVYh-q3U1kMDgy)
3)Пошта: repressiya_tizim@mail.ru
4) Телефон номер: 8(7292)30-44-22; 30-44-17
Аталған әлеуметтік желілерге барлық азаматтар өздерінің ақталмаған тума-туысқандары мен жақындары туралы мәліметтерді жіберуге толық мүмкіндіктері бар. Жолданған әрбір ақпарат Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві КММ-не келіп түседі.