Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бүгін сіздерге Алматы қаласындағы қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.