Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Төтенше жағдай кезеңінде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда өсімпұл қосуға тыйым салынады. Агенттік пен Ұлттық банк дағдарыстан жапа шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне төлем, сонымен бірге негізгі қарыз бен өсімпұл уақытын 90 күнге дейін ұзарту бойынша қосымша шаралар қабылдауы керек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.