Бұл туралы ҚР Денсаулық министрлігі хабарлады.
Министрлік Қазақстандағы коронавирусқа қатысты эпидемиялогиялық жағдай жөнінде 17 наурызда сағат 09:00-дағы жағдай бойынша мәлімет таратты.
Ведомствоның хабарлауынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам анықталды. Алматы қаласы бойынша тағы 3 науқас тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында 11 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2 адам, жалпы 13 науқас тіркелді.