Ресей Федерациясында құрамында есірткі зат бар тыйым салынған өсімдіктер қатарына адыраспан да енгені белгілі боды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл тізімге енуіне Қазақстанда жұрт жаппай қолданатын өсімдік түрінің құрамындағы психотропты алкалоид себеп болған екен. Енді ресейліктерге адыраспанды үй жағдайында өсіруге және сақтауға болмайды.
Айта кететін жайт, аталған шөп түрін қазақ киелі өсімдік деп санайтыны белгілі. Сондықтан халық арасында оны «бәле-жаладан сақтайды» деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге, кереге басына іліп қояды. Сондай-ақ, жаңа үйге кірерде босағаға «жын-шайтан мүлдем жоламасын деп» адыраспанмен аластайтыны тағы бар. Бұдан бөлек, жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, үйді аластайды.