Егер біреу мессенджерде лайк басып, ақша табуды ұсынса, бірден өзгенің аккаунтын блоктауға асықпаңыз. Алаяқтарды да алдауға болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әдетте олар қазақстандықтарға шетелдік нөмір арқылы хат жазып, бірден ақша табуды ұсынады. Бұл оқиға сайт журналисінің басынан өткен. Оның үстіне "Олар нөмірді қайдан біледі?" деген сұрақ туындайды.
Егер алаяқтарды алдауды ойласаңыз, онда банкте әлі шоты жоқ онлайн карта ашып, қолданған дұрыс. Осылай қауіпсіз болады. Қайырымды «жұмыс беруші» бір лайк үшін бірден 1000 теңге ұсынады. Лайкты жіберген сілтемесін басу арқылы қою керек. Көбінесе ол ozon.kz веб-сайтына немесе басқа да платформаға бағыттайды. Алаяқтар лайк басуды сұрайды, сол үшін 1000 теңге жібереді.
Сізден алғашқы екі лайктың скриншотын сұрап, ақша төлеу үшін телеграмға шақыру кодын көрсететін сілтемені жібереді. Бұл жерде онлайн режимінде ашылған карта нөмірі пайдалы болады. Сілтемені бассаңыз, сізден деректеріңізяғни аты-жөні, тегі, карта нөмірі және алғашқы тапқан 1000 теңгеңіз жіберілетін банктің атауын жазу сұралады. Ең бастысы алаяқтарға жеке куәлігіңізді электронды түрде және банктік картаңыздың CVV кодын, яғни банк картасының түпнұсқалығын тексеру үшін қолданылатын үш таңбалы кодты жібермеу керегін есте сақтаңыз.
Менеджер сізге ақша табуға сілтемелері бар хабарлама жібереді. Осыдан кейін үш күндік тағылымдамадан өту үшін сізді барлық қызметкермен бірге телеграм тобына қосуға уәде береді. Айтпақшы, сіз топқа жаза алмайсыз, бірақ ақша табуға арналған барлық ұсыныстарды көре аласыз. Екінші күні тағы екі мың теңге табуға болады. Осылай жүргенде сізге тауарды арзан бағамен сатып алу ұсынылады. Мысалы, тауар 3 000 теңге тұрады, оны сатып алып, сату арқылы сіз 3 900 теңгені қайтарып аласыз. Бұл жерде пайданың 30-40%-ын аласыз деп түсіндіреді алаяқтар.
Осыдан соң, журналист сізге Telegram және Whatsapp-та «жұмыс берушілерді» блоктауға және «ақша табудың тамаша мүмкіндігін» ұмытуға кеңес береді.
Ал журналист екі күнде 4000 теңге тапқан.