Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 млрд теңге жұмсалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жалпы елде 2 млн 343 мың зейнеткер бар.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 132 346 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге.