Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттыққа қатысты арыз қабылдау басталғанын мәлімдеді (Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң). Азаматтар соттан тыс банкроттыққа өтінішті (қаржы ұйымдары алдындағы қарыздар бойынша 5,5 млн. теңгеден аспайтын сомаға) электрондық үкімет порталы арқылы ХҚКО-ға келмей-ақ (eGov.kz.), сондай-ақ e-salyq azamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшасынан бере алады. Бұл қызмет түрлерінің барлығы тегін жасалады. Алайда бұл бағытта алаяқтар құжаттарды рәсімдеу үшін делдалдық қызметтерді және ақшалай сыйақы үшін банкрот деп тануға көмек ұсынатын жағдайлар жиілегені байқалып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың МКД-не сілтеме жасап.
Департамент өкілдері банкрот деп тану үшін соттан тыс тәртіпте электрондық өтініш беру керек екенін еске салып отыр.
Азаматтарға 1414 нөміріне қоңырау шалу немесе Telegram да чат жазу арқылы кеңес ала алуға болады: https://t.me/SalyqBot. Сондай-ақ, ХҚКО операторларына немесе мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жүгініп, олар рәсімді қолдану тәртібіне қатысты тегін кеңес беріп, мәселені жан-жақты түсіндіреді.
Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған. Ал өтініш беру жөніндегі нұсқаулықты eGov.kz. сайтын және төмендегі сілтемеден көруге болады:
Сонымен бірге, биылғы мамыр айынан бастап "Аманат" партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырып жатыр. Оның мақсаты қарызға батқан адамдарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. «Құрметті азаматтар! Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жүгінуді сұраймыз», - деп жазылған департамент таратқан мәліметте.
Банкроттық мәселесі бойынша кеңес алу үшін азаматтар "Аманат"партиясының облыстық филиалдарына жүгінуіне болады.