Бейнеу ауданының әкіміне үміткер Шалбаев Рахымжан Ысқақұлын қолдау жөніндегі ұйымдастыру комитеті төрағасының бірінші орынбасары және сенім білдірген өкілі Жолышов Тұралы Ботақараұлы Бейнеу ауылындағы білім беру мекемелерінде қызмет етіп жүрген жастармен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты Рахымжан Ысқақұлының сайлауалды бағдарламасын таныстыру.
Білім беру саласында:
«Жайлы мектеп» жобасы аясында Бейнеу ауылындағы 600 орындық және Сам ауылында 300 орындық мектеп құрылысының сапалы және уақытылы аяқталуын назарда ұстау;
Боранқұл, Төлеп және Есет ауылдарында жаңа мектеп құрылысын салуға жұмыстану;
Бейнеу ауылындағы политехникалық және гуманитарлық колледждері үшін жаңа ғимарат пен жатақхана құрылысын салу;
Аудан көлемінде педагог-шебер және педогог-зерттеуші санатындағы педагог кадрлардың үлесін арттыру, мектептерді жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосу, жаңа компьютерлермен, химия, биология, физика пәндерінің кабинеттерімен кезең-кезеңімен жарақтандыру. Сонымен қатар өзгеде бағыттарды қамтитын жобалар бар екенін атап өтті.
Өз кезегінде жастар ұсыныстарын айтып, алдағы сайлауға белсенді қатысатындығын жеткізді.
Қаржысы жергілікті бюджет қаражатынан төленді