28 қаңтар күні SpaceX және Tesla-ның негізін қалаушы кәсіпкер Илон Масктың тағы бір Neuralink нейротехнологиялық компаниясы алғаш рет адам миына имплант (чип) салды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz сайты Еgemen.kz-ке сілтеп.
Миллиардер Х (твиттер) парақшасында бұл ақпаратты өз оқырмандарымен бөлісті. Илон Маск ми импланты бірінші кезекте аяқ-қолы жоқ адамдарға салынатынын атап өткен.
Былтырғы жылы наурыз айында Илон Маск компаниясы өз еркімен миына нейрондық чипті салдыратын адамдарды іздеуді бастаған.
«Neuralink импланты сәтті орнатылған адамға операциядан кейінгі ағзасын қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр», деді Илон Маск.
Neuralink компаниясының іргетасы 2016 жылдың шілде айында қаланған. Алғашқы өнімдері «Telepathy» деп аталады. Өнім смартфон мен компьютерді ой арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
Компанияның негізгі міндеті − адам миына имплантацияланатын чиптер әзірлеу. Оның сөзінше мұндай нейрондық интерфейстер адамзатты жасанды интеллектіге қарсы тұруға және технологияны ой күшімен басқаруға қабілетті етеді.