Польшада өткен "Балалар Евровидениесі - 2019" халықаралық ән байқауында қазақстандық 12 жасар әнші Ержан Максим екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Музыкалық конкурстың финалына 19 орындаушы қатысты. Онда Ержан Максим "Арманнан қалма" әнін орындады. Кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Ержан 227 ұпай жинады. Бірінші орынды поляк орындаушы Виктория Габор 278 ұпаймен алды. Ал үшінші орынды Испания өкілі Мелани Гарсия иеленді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ