IMMAF & WMAA біріккен федерациясының қолдауымен Манамада өткен жастар арасындағы ММА аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионатында 19 жастағы Фариз Абдалов алтын жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 16 қарашада аяқталған чемпионатқа әлемнің 50 елінен 500-ге жуық спортшы қатысты. Naiza Fighter клубының тәрбиеленушісі ақтаулық спортшы ММА бойынша Қазақстан жастар құрамасы сапында сынға түсті. Чемпионаттың нәтижесі бойынша тоғыз қазақстандық жүлдегер атанып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ