Бүгін, 18 қараша күні Ақтауда «Қазақ халқының бірегей ұлттық тағамдары» атты аймақтық фестивалі өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Аталған шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті және «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігінің «Қазақтану» жобасы аясында ұйымдастырылады. Фестиваль барысында келушілердің назарына ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде аңықталған бірегей және ұмыт қалған дәстүрлі қазақы тағам түрлері ұсынылады.