Маңғыстаулық дзюдошылар халықаралық "Grand Slam" турниріне қатысады
[ 2019 ] 22 қазан, 15:58 | Жаңалықтар
24-26 қазан күндері Әбу-Дабиде өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасынан 16 спортшы қатысады. Маңғыстаулық 2 бірдей дзюдошы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорттағы мол мүмкіндікке жол ашатын бұл турнирде маңғыстаулық Руслан Мусаев 81 келіге дейінгі салмақта және Анна Казюлина 52 келі салмақта татамиге шығатын болады.
Бұған дейін ұлттық құрама спортшылары Алматы облысында орналасқан AIBA спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізген еді.
⠀
«Әлем чемпионатынан кейін командада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бәрі де бабында, бәрінің де көңіл-күйлері тамаша. Осакада өтетін Гран-при турниріне рейтингтегі ұпайы аздау спортшыларды апарамыз. Желтоқсан айында жылдың қорытынды жарысы – үздік 16 спортшы қатысатын Masters додасы бар. Ал 2020 жыл, Олимпиада жылы Израильдегі турнирмен басталады. Рейтингтегі ұпайымыз жаман емес, команданың басым бөлігі жолдама алады деген сенім бар», - дейді Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Сурет сайт мұрағатынан
857
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.