19-20 қазан күндері Украина астанасы Киевте джиу-джитсудан өткен Әлем біріншілігенде чемпион атанған үш бірдей спортшыны маңғыстаулықтар Ақтау халықаралық әуежайынан қарсы алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Чемпионатта ел байрағын асқақтатқан джитсерлерді қарсы алуға Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жұмабаев, МО джиу-джитсу федерациясының президенті Ерғали Сисенғалиұлы және чемпиондардың туыстары мен достары келді. Джиу-джитсудың комбат жүйесі бойынша өткен біріншілікте Әбу-бәкір Жәнібеков 62 келіге дейінгі салмақта 5 кездесу өткізіп, алғашында Панама спортшысымен күш сынасқан. Екінші кездесуінде Иран джитсерін тізе бүктірген. Ақтық мәреде қазақ спортшыны 7-5 есебімен жеңген. - Бірінші қарсыласымды жеңу өте қиын болды. Қалғандары аса қиындық тудырған жоқ. Жалпы ойымдағыдай болды. Әдеттегідей, бапкерім мен барша қолдаушыларыма алғысым шексіз. Ал. алдағы уақытта, - дейді джиу-джитсудан әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Әбу-бәкір Жәнібеков. Мағыстаудағы ең көп жүлделі спортшылар жеңістерінің «авторы» өздері болғанымен, бапкердің еңбегін жоғары бағалайды. - Осы чемпионатқа өте жақсы дайындықпен бардық. Финалда украиналық спортшымен кездестім. Ақтық сын қиын болды, соңғы секундтарда бағым жанды. Әлем чемпионатына үшінші рет қатысуым. Бұдан бұрын ІІІ орынға тұрақтап жүр едім. Осы жолы алтын медальға қол жеткіздім. І орынды қайтсем де алуым керек деген мақсат қойып, бапкерімнің арқасында ойымдағыны жүзеге асырдым, - комбат джиу-джитсудан әлем чемпионы Әлия Тлепова. Ал тұңғыш рет чемпион атанып тұрған Азамат Абаевтың төбесі көкке бір-ақ елі жетпей тұрғандай. Себебі ол қажырлы қайрат пен табандылықтың арқасында бапкері белгілеген чемпиондар тізіміне енді. Ол 92 келі салмақта додаға түсіп, ел үмітін ақтағанына марқайып-ақ тұр. - Жарыс жоғары деңгейді өтті. Чемпионатта 4 кездесу өткіздім. Финалда қазақстандық спортшымен кездестім. Басымдылықпен чемпион атандым. Қазақпен жекпе-жекке шыққан өте ауыр екен, - деді Азамат Абаев. Бәйгеге қосқан 3 бірдей шәкірті чемпион атанып дүйім жұртты қуантып жатқанда, бапкер Болат Дюсембиев те үміттің ақталғанына дән риза. - Барлығы ойдағыдай болды. Шәкірттерім қойған мақсатқа жететініне сенімді болдым. Спортшылар үстіміздегі жылдың қараша айында джиу-джитсудың файтинг бөлімі бойынша әлем чемпионатына қатысады, - деді әлем чемпиондарының бапкері Болат Дюсембиев. 17 мемлекеттен 300 ге жуық спортшы қатысқан чемпионатты Қазақстан құрамасы 16 жүлдемен аяқтады. Ал жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. МО джиу-джитсу федерациясының мәліметіне сәйкес, Украина командасы бірінші орынды, Әзірбайжан командасы ІІІ орынды жеңіп алған.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="86590,86588,86591,86589"]