18-22 қазан аралығында Кипрдің Лимосол қаласында самбо спорт шеберлері арасында өткен әлем чемпионатында маңғыстаулық Манарбек Бисекенов топ жарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 74 келі салмақта сынға түскен Манарбек Бисекенов бірінші кездесуінде француз палуанын ауырту әдісімен таза ұтып, екінші кездесуінде КСРО, Еуропа чемпионы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ресей палауанын 2:1 есебімен ұтып, финалдық белдесуде КСРО чемпионы әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазын 5:1 есебімен жеңген. Әлем чемпионатына 37 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысқан. Маңғыстау өңірінен 4 спортшы қатысып оның біреуі алтыннан алтқа тақты. 8 жасында спортпен айналысуды бастаған Манарбек Жұбатқанұлы 18 жасынан Шетпе кентінде алғаш бапкерлік жұмысын қолға алған. 2014 жылдан облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөсіпірмдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Әлем чемпионатының жүлдегерлерін, 30-дың үстінде ҚР чемпионын, самбо мен дзюдодан 50-ге жуық ҚР спорт шебері мен 3 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, сонымен қоса 10 Азия чемпионын дайындаған. Бүгінде жас спортшыларға үлгі бола алатын Манарбек Бисекеновтің спорт жолындағы ғасырға бергісіз жылдары өт нәтижесін осындай жеңіспен көрсетуде.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ