«Өзенмұнайгаз» АҚ-да мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Шараға «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов қатысып, мұнайшыларды төл мерекесімен құттықтады.
- Қол жеткізген жақсы жетістіктер мен бағындырған биіктердің бастауында еңбек адамы тұрады. Сондықтан, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының дамуына үлес қосып жүрген әрбір мұнайшыны құрмет тұтамыз. Баршаңызды құттықтай отыра, отбастарыңызға амандық, ұзақ өмір, баянды бақыт тілеймін, - деді өз сөзінде Д.Хасанов.
Ізгі тілектерден соң, Өзен кенорнын игеруге қосқан үлестері үшін бірқатар мұнайшылар ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚазЭнерджи» қауымдастығының, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы, «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ-ы, «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ-ы және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, естелік төсбелгілерімен марапатталды.
Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, күйші Алмас Денебаев, қазақ эстрадасының жұлдыздары Айгүл Қосанова, Ақылбек Жеменей мұнайшыларға әннен шашу шашты.
Жаңаөзен-Ақпарат