Аптаның бірінші күні өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы комиссияның отырысында күнтәртібіндегі біраз мәселелер егжей-тегжей талқыланды. Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарға әлеуметтік және де өзге көмекті ұйымдастыру турасында қылмыстық атқару органымен бірлескен қызметті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Қайымова, мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған шаруалар туралы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Қалиев пен білім бөлімінің басшысы С.Қалиева, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде аудандық Қоғамдық кеңес және ұйымдармен бірлескен қызметін ұйымдастыру жөнінде Ж.Жапақов, нашақорлыққа қарсы, зиянды тұтыну заттарына және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында атқарылатын жұмыстар туралы жастар ресурстық орталығының директоры А.Қонарбаев пен аудандық аурухана басшысының емхана ісі жөніндегі орынбасары Д.Бекиева баяндамалары тыңдалды.
Қазіргі таңда есірткіге тәуелділік бойынша 1, медициналық бақылау бойынша 23, алкогализммен 57 адам аудандық орталық ауруханасының наркологиялық диспансерлік есебінде тұр. Осы бағытта жыл басынан бері жастар ресурстық орталығында «Денсаулық - өмір кепілі», «Өз өмірің өз қолыңда», «Темекі шегу өміріңе қауіпті», «Шылым шегу және адам денсаулығы», М.Атымов мектебінде «Нашақорлықпен күрес» сынды нашақорлық және де басқа зиянды әдеттерге байланысты денсаулық акциялары ұйымдастырылып, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, лекциялар оқылып, бейнеүзіктер көрсетілгендігі жөнінде айтылды.
Гүлжайнат ШЫҢДЫБАЕВА