Республика бойынша дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, тек қана Батыс Қазақстанның бес өңірінде уақыт айырмашылығына байланысты сағат 21.00-де аяқталды. Барлық сайлаушының 77,4 %-ы сайлау бюллетенін алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. "22.20-да Орталық сайлау комиссиясының дауыс беру күні сайлаушылардың келу қорытындылары туралы отырысы өтті. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылғы 9 маусымда тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,4 %-ы сайлау бюллетеньдерін алды", - делінген ақпаратта. Олардың ішінде: Ақмола облысы бойынша – 83,4 % Ақтөбе облысы бойынша – 84,9 % Алматы облысы бойынша – 89,0 % Атырау облысы бойынша – 71,2 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 84,9 % Жамбыл облысы бойынша – 81,3 % Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,3 % Қарағанды облысы бойынша – 77,3 % Қостанай облысы бойынша – 84,1 % Қызылорда облысы бойынша – 81,6 % Маңғыстау облысы бойынша – 68,9 % Павлодар облысы бойынша – 81,2 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,8 % Түркістан облысы бойынша – 84,8 % Алматы қаласы бойынша – 52,2 % Шымкент қаласы бойынша – 67,6 % Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 68,9 %.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="81142,81144,81145,81146"]