Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Маңғыстау» кемесінің экипажы Халықаралық армия ойындарына дайындалып жатыр. Жарыс тамыз айында Каспий теңізіндегі Әзірбайжанның акваториясында өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Теңіз кубогінде ҚҚК атынан құрамында 65 әскери қызметшісі бар «Маңғыстау» кемесі қатысады. Әскерилер кемені мақсатты қолдану (артиллериялық оқпен атыс), кеменің сақталуы үшін күрес және теңіз машығы мен құтқару жұмыстары сияқты сайыстың үш түрінен бақ сынасады. Қазір «Маңғыстау» кемесінің экипажы әуедегі, теңіздегі нысаналарды, жүзіп жүрген миналарды атып дайындалуда. Әрбір жаттығу сайын жеке құрам өз біліктілігін арттырып, дайындығын күшейтуде. «Сайысқа Каспий маңы елдерінің сыйымдылығы 1000 тоннадан аспайтын кіші кемелердің қатысуына рұқсат етілген. Шарт бойынша, олардың артиллериялық және атыс қарулары, құтқаруға арналған кіші көлемдегі жүзу құралдары (катер, шлюпка) болуы тиіс», - делінген хабарламада. Осы талаптарға сай келген Ресей, Иран, Әзірбайжан мен Қазақстанның Қарулы Күштерінің кемелеріне қатысып жатыр. https://youtu.be/gk2170qunIU Теңіз Кубогі-2019» (әскери биатлон) сайысы 2019 жылғы Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына енген және ҚҚК Әскери-теңіз күштері осы сайысқа қатысады.