Каспий теңізінің жағалауында «Ралли Қазақстан 2019» Әлем Кубогі кезеңі өз мәресіне өтті. Алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша катарлық автошабандоз Нассер Әл-Аттия штурманы Матье Бомельмен бірге жеңіске жетті, - деп хабарлайды mangystаumedia.kz сайты.
Екінші орынды ерлі-зайыпты Стефан мен Андреа Петерансельдердің экипажы иеленсе, үздік үштікті Якуб Пшигонски мен Тимо Готтшальк түйіндеді.
Ралли-рейд Маңғыстау облысының аумағында 27 мамыр мен 1 маусым аралығында өтті. Жарыс бағыты алты кезеңге бөлінді және шабандоздар дала жолдары, құм жоталары және жолсызбен барлығы 2500 шақырымды бағындырды.
«Ралли Қазақстан 2019»-да барлығы әлемнің 17 елінен (Белгия, Бразилия, Германия, Катар, Испания, Италия, Нидерланды, Португалия, Ресей, Сауд Арабиясы, Словакия, Түркменстан, Чехия, Чили, Франция) 28 экипаж бақ сынады. Жарысқа Қазақстан атынан 3 спорт экипажы қатысты.
2019 жылғы ралли-рейд бойынша FIA Әлем Кубогының келесі және соңғы кезеңі 4-8 қазан аралығында Мароккода өтеді.