5 сәуір күні ақтаулық полицейлер ішіне газтәрізді зат толтырылған баллон мен екі қорап шары бар азамат ұсталды. Қазір мамандар баллонның ішіндегі газдың құрамын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Ақтау қаласындағы шағынаудандардың бірінде өнімін «шарик-кумарик» шартты атауымен сатып жүрген 1995 жылы туған азамат ұсталды. Қазір аталған өнімнің заңдылығы тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Мамандар сондай-ақ газ тәрізді өнімнің халықтың денсаулығына әсерін, тәркіленген өнімің санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына, гигиеналық нормативтерге сәйкестігін де анықтайды. Осы мақсатта сараптама тағайындалған. Қазір ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабы 1 бөлігімен (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша тексеру басталды.