2018 жылдың желтоқсанынан бастап Қаржы министрінің «Ақшалай есеп айырысулар кезінде фиксация және деректерді беру функциясы бар онлайн-кассалық аппараттарды қолдану туралы" бұйрығы күшіне енді. 2019 жылдың соңына дейін 633 қызмет түрі онлайн режимге көшірілуі тиіс. Осыған сәйкес Мемлекеттік кірістер департаментінің Маңғыстау облыстық филилалы «Көшпелі кеңсе» акциясын өткізді. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Нұржан Жәнібековтің айтуынша, бұл акция халық көп жиналатын жерлерде жылдам әрі толыққанды мелекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Оның сөзінше, 1 сәуірден бастап - 323, 1 шілдеден бастап – 86, 1 қазаннан бастап – 224 қызмет онлайнға ауыспақ. «Маңғыстау облысында жылдың аяғына дейін 31 мың кассалық-регистрді онлайн режимге өткізу керек. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, өтініштерді қабылдау және ескі кассалық аппараттарды алып тастау үшін мобильдік кеңсе ұйымдастырылды. Жылдың соңына дейін шаштараз, сұлулық салоны, дәріхана, дүкен сияқты салық төлеушілер көрсететін 633 қызмет түрін аударуымыз қажет", - деп түсіндірді Нұржан Жәнібеков. Сонымен қатар басқарма басшысы атап өткендей, интернет желісі жетпеген аймақтардағы кәсіпкерлерге кассасын онлайн тіркеу талабы қойылмайды. Олар ескі аппараттарын пайдалана беред. Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағында ҚР аумағында ақшалай есеп айырысуларда бақылау-кассалық аппараттарын міндетті түрде қолдану көрсетілген. Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Көшпелі кеңсеге» арнайы микроавтобус бөлген. Бұл мобильді орталық Ақтау қаласының аумағында орналасқан сауда орындарын аралап, мемлекеттік қызмет көрсетуді жеделдетпек.
Фото: Айнұр Кемалова
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="74527,74526,74525,74524"]