Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2019 жылдың 17 қаңтарында жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшыларын ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҰҚК-не сілтеме жасап. "Қазгидрометтің" басшылары ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдік келтірілген. Яғни оларға лауазымды қызметті атқара отырып пара алды деген айып тағылған.
Қазірге кезде жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
"Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды", - делінген хабарламада.
[caption id="attachment_69989" align="aligncenter" width="675"] Сурет ҰҚК сайтынан[/caption]