©
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Маңғыстау облыстық департаменті Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Оған санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беруге көмектесу үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге сомасында пара алды деген күдік келтірілді", - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова. Оның сөзінше, күдікті өз айыбын толық мойындауына байланысты қамауға алынбаған. Қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=vUWe4rSQNKA