©
2019 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азия елдері азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҰҚК қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленген.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="69348,69352"]"Тергеу болжамына сай, ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасымен және олардың басшылылық етуімен әрекет еткен", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниет еткен.
Тергеу амалдары жалғасуда.
https://www.youtube.com/watch?v=ey1CL9LM-xU