Маңғыстау облысында он жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған онкоорталықтың құрылысы келер жылы аяқталады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов Орталық коммуникация қызметінде берген брифингте айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Журналистердің бірі құрылысы тоқтап қалған онкологиялық орталықтың құрылысы жайлы сұрақ қойған еді.
«Онкология орталығы 2008 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған объекті. Биыл қаржы көздерін іздеп, мердігерлерді таптық. NCOC компаниямен келіссөздер жүргізе отырып, құрылысын бастап кеттік. 2019 жылы онкологиялық орталықтың құрылысы толықтай бітіреміз. Елбасы жолдауында да онкологияға байланысты мәселелерді көтерді. Бұл – Маңғыстау облысында да үлкен мәселелердің бірі», - деді Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ Е.Тоғжанов құрылысы тоқтап қалған 645 пәтерден тұратын «Аққу» тұрғын үй кешенінің де биыл пайдалануға берілетінін, кәріз суын тазарту ғимаратының іске қосылғанын атап өтті.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ