©
«101» қызметіне өткен аптада 23 дабыл келіп түскен. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша 23 рет шықты, оның ішінде өрт жағдайы – 7, жану жағдайы – 15,авариялық-құтқару жұмыстары – 1 рет.
3 желтоқсанда Маңғыстау ауданы Шетпе-1 ауылы № 516 үйдің ауласында бөлек орналасқан 1-қабатты, 2 бөлмелі моншаның бу бөлмесі жанған.
4 желтоқсан күні Ақтау қаласы №3 өндірістік аймақта 3 қабатты ғимаратқа жалғанып салынған, төбесі қаңылтыр және бетонмен жабылған қойма өртенген. Ғимарат пен қойманың жалпы көлемі 1878 ш/м. Жану көлемі 1200 ш/м.
7 желтоқсанда Жанаөзен қаласы Мерей ш/а 1 көше бойымен жүріп келе жатқан Opel Vectra маркалы автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі мен алдыңғы екі дөңгелегі толықтай жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
Осы күні Мұнайлы ауданы Баянды-3 ауылы, 263/1 учаскесінде сарайға жалғасып салынған 1-қабатты тастан қаланған бу қазандығының шатыры өртенген. Екі бөлмелі сарайдың жалпы көлемі 20 ш/м. Себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.
8 желтоқсан түс кезінде Ақтау қаласы 8 ш/а Н.Жантөрин атындағы драма театрдың жанында тас жол бойында жүріп келе «Opel Vectra» маркалы автокөлігі толықтай жанып, жану салдарынан газ балоны жарылған. Зардап шеккендер жоқ. Себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр.
9 желтоқсанда Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы М.Бегенов көшесі № 24 үй 3 пәтердің сыртқы ағаш есігінің сыртқы жақ бетіндегі қаптамасының жанған.
Сол күні Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы Ащыбұлақ тас жол бойында «Mazda 626» маркалы автокөлігінің толықтай өртенген. Себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр, ешкім зардап шекпеген.
Құрметті Маңғыстау тұрғындары!
Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету сұрақтары, құқық қорғау қажеттіліктері, Өрт сөндіру қызметінің қызметі туралы ақпарат алу бойынша халықтың шағымы мен ұсынысын жедел қабылдау үшін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефондары: 43-55-06.