©
Ақтауда 31 қазан мен 3 қараша аралығында бокстан облыстық турнир өтеді. Сайыста Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Маңғыстау облысы аудандарының үздік боксшылары бағын сынайды.
4 күнге созылатын чемпионатқа 2003-2004 жылғы 150-ден астам жасөспірім боксшылар қатысады.
"Жарыстың мақсаты - МО командасынан аймақтық Қазақстан чемпионатына іріктеу. Ал Қазақстан чемпионатында I, II орын алғандар Азия чемпионатына жолдама алады. Спортшылардың жарысқа дайындығын осы 4 күнде байқайтын боламыз", - деді МО бокстан үлкен жасөспірімдердің аға жаттықтырушысы Асхат Камалов.
Айта кетейік, жекпе-жектің ашылу салтанаты 31 қазан күні сағат 14:00-де 4 шағынаудан «Маяк» спорт кешенінде өтеді. Ал қорытынды жұдырықтасу 3 қараша күні сағат 11::00-де басталады. Кіру тегін.
Облыстық турнирді тамашалап, жерлестерімізге келіп жанкүйер болыңыздар.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Көрнекі сурет сайттың архивінен