©
Ақтау қаласының әкімдігі жер беріліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін халық арасында түрлі әлеуметтік желілер арқылы жер кезегінде тұрғандарға жер берілетіні туралы ақпарат тараған болатын.
"Үйдің, жердің кезегінде тұрған болсаңдар, беріліп жатыр. 2-4 күндері тексертуге болады. Ал жердің кезегін 1-3 күндері қарайды. Сағат 9-12. 14-17-ге дейін. Ілінсеңіздер 10 февральдан бастап беріледі дейді 2006-2007 ж арыз тастағандарға", - делінген ақпаратта (Мәтін сол күйінше сақталды).
Бірақ Ақтау қаласының әкімдігі жер беріліп жатқаны туралы ақпараттың ресми түрде жарияланбағанын хабарлады.
"Ақтау қаласының əкімдігі (Whatsapp) əлеуметтік желісінде "Үй, жер кезегінде болсаңдар жер беріліп жатыр" - деп тарап жатқан хабарландыру жалған ақпарат екендігін ескертеді", - деп хабарлады әкімдік өзінің инстаграмдағы аккаунтында.
Қосымша айта кетелік, Ақтау қаласының әкімдігі 2018 жылға мемлекеттiк тұрғын-үй қорынан тұрғын-үй алуға тiркелген əр санаттағы азаматтардың тiзiмiн жариялады. Оны мына сілтемеден көруге болады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН