Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге 1,5-3 млн теңге аралығында 5 жылға пайызсыз қарыз беретін бағдарлама таныстырылды. "Жарқыра» бағдарламасы 2019 жылы Маңғыстау өңірін қамтып, Ақтау, Форт-Шевченко қалалары мен Баутино, Боранқұл елді мекендерінде іске асады деп жоспарланған.
Бағдарламаның аймақтық үйлестірушісі Асқар Секербаевтің айтуынша, бағдарлама Орта Азияны дамыту қоры мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен жүзеге асып келеді. Мақсаты - қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелеріне тұрақты кәсіпкерлік шешімдерді ұсынуға бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларға серпін беру.
Жоба туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев былай деді:
«Бұл жоба өте тиімді. Қазір ұсынылып жатқан гранттардың ішінде ең жоғарғы қаржы болып саналады. Көбіне үлкен көлемдегі қаржылар несиеге беріледі. Маңғыстаулықтарға қор қаражаты жаңаша бағытта кәсіп дамытуға септігін тигізетініне сенім артамын», - деді ол.
Бұл бағдарлама 2016-2018 жылдар аралығында Атырау қаласында жүзеге асты. Өткен жылдың өзінде мұнайлы өңірде 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік жоба дамыған. Барлығына 62 мың доллардан астам қаржы бөлінген екен.
«Жарқыра» бағдарламасының бір ерекшелігі - қатысушылардың жасына шектеу қойылмауы. Әрі оны үйрену талаптары қарапайым. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – әлеуметтік идеяларды іріктеу, екінші кезең- қатысушыларды таныстыру, семинар мен дәрістер оқу. Сондай-ақ тағылымдамадан өтіп, кеңес беріліп, бизнес-жобаларын қорғау. Яғни, әлеуметтік идеяны бизнес жоспарға дейін жеткізу барысын қамтиды.
Бағдарлама арқылы әлеуметтік кәсіпкерлер қордан жыл сайын қаржылай қолдау алуына мүмкіндігі бар. «Жарқыра» мынадай бағыттар бойынша жобаларды қолдайды:
Әлеуметтік кәсіпкерлік - қоғамның өзекті мәселелерін инновациялық жолмен шешуге көмектесетін әлеуметтік миссиясы бар бизнес. Сондықтан да бұл бағдарлама көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. Бағдарламаны жүйелі жүргізу үшін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы мен Еуразия Орта Азия қоры арасында түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, осы бағыттағы жұмыстар 23 қазан Форт-Шевченко қаласы, Баутино елдімекені, 24-25 қазан Ақтау қаласы, 29 қазан Боранқұл ауылында басталады.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63182,63183"]