©
Ақтауда республикаға танымал көңілді тапқырлар клубының (КВН) ойыншысының өліміне қатысты сот отырысы басталды.
"Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы С-ға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 2 бөлігінің 9 тармағымен (бұзақылық ниетпен адам өлтіру), сотталушылар Т. мен Ш.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен (суық қару қолданып бұзақылық жасау) қылмыстық істі қарау басталды", - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ММаңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2018 жылғы 20 шілде күні кешкі сағат 20:30 шамасында Ақтау қаласы 6 шағынауданда орналасқан "Хорошее Заведение" караоке барында болған. Барда демалып жүрген бірнеше жігіт бір-бірімен сөзге келіп, келіспеушілік соңы төбелеске ұласады. Жігіттердің бірі жәбірленуші, ақтөбелік республикаға танымал көңілді тапқырлар клубының ойыншысы Данияр Алимбаевтың сол жақ аяғының санына пышақ салады. Пышақ үлкен күре тамырдың үстінен түсіп, Данияр көп қан жоғалтып қайтыс болды.
Сот ісіне БАҚ өкілдері мен қоғамдық бақылаушылар қызығушылық танытып отыр.
Келесі сот отырысы 8 қазан сағат 10.00-ге тағайындалды.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен