Маңғыстау облысында «Батыс-2018» маңызды стратегиялық командалық-штабтық жаттығулары аяқталды. Командалық-штабтық жаттығулардың соңғы кезеңіне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты. «Оймаша» полигонында өткен стратегиялық командалық штабтың жаттығуы 2018 жылдың 17-27 қыркүйегі аралығында ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының командирі қолбасшылығымен 5 мыңнан астам адамның әскерлері бірлескен топ құрды. Бұл үшін Астана, Семей, Аягөз, Қапшағай, Алматы, Тараз, Ақтөбе және Атырау қалаларынан бірнеше мың шақырымға құрау арқылы әскери бөлімдер топтастырылды.
Маңғыстау облысының аумақтық қорғаныс бригадасы аймақтағы маңызды нысандарды қорғап шықса, коменданттық қызметті әскери полиция ұйымдастырды. Жаттығу кезінде күндізгі және түнгі уақытта 60-тан астам тікұшақ, 70-ге жүық ұшақ ұшу жаттығуларын орындады. ҚР Ұлттық гвардиясының және ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің бөлімшелері жаттығудың арнайы міндеттерді орындады.
Жаттығудың қорытынды кезінде қолбасшы құрған бригадалық-тактикалық топ заңсыз қарулы топтың елге кіруіне тосқауыл болып, авиация, артиллерия және қару-жарақ бөлімдері шабуыл жасап, қарсыластарды жойды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62249,62250,62251,62248"]