©
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының прокуратурасы 2018 жылдың тамыз айында жергілікті атқарушы органдардың қызметінде жер заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
Алайда жергілікті атқарушы органдар бұл заң талаптарына қайшы коммерциялық мақсаттар үшін жер телімдерін берген. Жер телімдері 2015-2018 жж аралығында берілген.
Прокурордың наразылығы бойынша әкімдердің 46 шешімі бұзылып, кадастрлық құны 669 млн теңге болатын жалпы көлемі 46,217 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Маңғыстау облыстық прокуратурасында лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ