Ақтау қаласындағы кітапханада көзі көрмейтін және нашар көретіндерге арналған кездесуі өтті, - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова зағип жандарға арналған Брайль шрифтімен дайындалған жадынама және қызмет алушылардың құқықтары жазылған аудиожазба түріндегі СD дисктерді табыстады.
Кездесуде Зағип жандардың мемлекеттік қызметтерді барлығымен теңдей және еш кедергісіз алуға құқылы екендігі айтылды. Егер азаматтың құқығы бұзылған жағдайда, Брайль шрифтімен жазылған жадынамалар арқылы олар қайда және қалай шағымдануға болатыны туралы нақты біле алады.
Шарада кітапхана оқырмандары өздеріне қатысты сұрақтарын қойып, департамент басшысы тарапынан мардымды жауаптарын алды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, әрбір қызмет алушы: мемлекеттік қызметтер алу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдайлар бойынша кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуге құқылы екендігі айтылды.
Айта кетейік, егер қызмет алушылардың құқықтары бұзылған жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 30-36-48, 30-36-49 жұмыс телефондарына, 87071701424 шұғыл желісіне немесе 1424 Call center хабарласуға болады.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="60761,60762,60763,60764"]