Аталмыш форум Маңғыстау өлкесінде алғаш рет өткізілді. Шара аясында әйелдерге арналған шеберлік сағаттары, көрме-жәрмеңке, фотосессия, сәнді көйлектер көрсетілімі көпшілікке ұсынылды.
Елімізге танымал табысты, әскер әйелдермен кездесу ұйымдастырылып, әсерлі әңгіме, пайдалы кеңестер айтылды.
Сондай-ақ көпшіліктің қатысуымен «Асыл Ана-2018» аталымының иегерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл атауға бейнеулік Ноқаева Айдана лайық деп танылды.
-Біздің жақсы мен жайсаңдарымыз, шенді-шекпенділеріміз, ел билеген еріміз барлығы анадан шықты. Сондықтан біз сіздерге бас иеміз, құрметті әйел қауымы. Ана – ұлттың тәрбиелеушісі, Отанымыздың тірегі. Әр үйде, әр отбасында тек жақсы әңгіме айтылуы керек. Себебі өзінің анасын тыңдамайтын, әйелін, қызын, қарындасын тыңдамайтын қазақ жоқ. Сіздер жақсы жолдан ешқашан бұрылмаңыздар. Сонда ғана мықты ел боламыз. Әр жанұяны жұмаққа айналдырып отырған Аналар аман болсын, - деп лебізін білдірді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов.
Форум ең алғаш рет 2016 жылы Ақтөбе қаласында өткізілген. Жобаның басты мақсаты – әйелдер мен әйелдер қауымдастығының инновация арқылы кәсіпкерлікті дамытуын насихаттау, әйелдердің мәдениетін сақтау. Нәзік жандылардың кәсіпкерлігін қолдау, ілгері жылжуына ықпал ету.
-Бұл форум осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Ең алғаш рет Ақтөбе қаласында өткен еді. Енді алда 30 қыркүйек күні Астана қаласында республикалық кезең өтеді. Бәріңізді соған шақырамын. Ардақты да асыл аналарымызға арналған осындай игі шараның еліміздің әр қаласында өткізіліп келе жатқандығы мені қуантады. Бәріңізге тек жақсылық тілеймін, - деді форум ұйымдастырушысы Райгүл Мұқашева.
Шеберлік сағаттарында спикерлер әйелдерге әртүрлі тақырыптарда кеңестер берді. Көрме-жәрмеңкеде Қазақстанда жасалған өнім мен бұйымдар сатылымға ұсынылды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсріген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="60702,60701,60700,60703,60669"]