©
Қазақстанда шетелде жүру үшін ата-аналарының төлқұжаттарында балалар суреттерін жабыстыруды алып тастау қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Агенттіктің хабарлауынша, азаматтардың басқа елдердің шекараларын еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігі 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарының төлқұжаттарында фотосуреттердің жойылуын қарастыратын заңға түзетулер енгізеді. Сондай-ақ шетелге шығу үшін балаға жеке төлқұжат жасалынады. Бұл жаңалық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаевтың айтуынша, баланың туу туралы куәлігі шетелге бару үшін талап етілмейді, алайда жеке куәлік Қазақстан бойынша саяхат үшін жеткілікті.