©
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше 9 тамыз күні ескекті қайықпен теңіз жағасынан 1 км-ге ұзап кеткен балықшы құтқарылды.
«Ескекті қайық желдің әсерінен толқында жүзе алмай ұша берген. Оны 4 шағынаудан Тарасов ескерткіші маңындағы постта тұрған құтқарушы Келдібаев және Құрманбаев алыстан көріп қалып бірден диспетчерге қоңырау шалған. Қоңырау келгеннен соң жедел құтқарушылар балықшыны 10 минуттың ішінде құтқарған. Ол теңіз жағасына шығарылып, үйіне қайтарылды. Балықшы осымен төртінші мәрте құтқарылып отыр», - деді Ақтау қалалық жедел құтқару жасағының бөлім басшысы Марат Алдияров.
МО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері 20 адам судан құтқарылған. Ақтау қаласында 12 адам құтқарылса, 4 адамға алғашқы дәрігерлік көмек берілген. Жаңаөзен қаласы Кендірліде 1 адам, Форт Шевченкода 3 адам құтқарылды.
Ал Ақтауда суға батып кеткендер саны - 6, Кендірліде - 5 , Форт-Шевченкода 2 адам іс-түссіз суға батып кеткен.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Сурет сайттың архивінен