Бүгін облыстық кітапхана залында Астана қаласының 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына арналған поэзия кеші өтті.
Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы мен Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе ұйымдастырған шараға оқушылар мен студенттер қатысты.
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Мұрын Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі студенттері, С. Қондыбай атындағы №22 орта мектеп, Исатай Сүйеубаев атындағы №8 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылар мерейтойға орай қалаларға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Гүлнәр Науырша, сондай-ақ «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің және МО «Қоғамдық келісім» ҚҚ этномәдени бірлестігінің өкілдері кеш қонағы болып, жастардың өнерін тамашалап, жылы лебіздерін арнады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бекірені заңсыз аулаған табиғатты өз қолымен бұзадыЕлбасы Н. Ә. Назарбаев 1997 жылғы 20 қазанда "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылға 10 желтоқсаннан бастап ие болды. Ал 1998 жылы «Астана» атауы берілді.Биыл бас қаланың 20 жылдығы.
Ал бұрын «Шевченко» деп аталған мұнайлы қала Ақтау бұл есімін 1991 жылы иеленді. Касспий жағасында орналасқан әсем қала - газ бен мұнай өндіретін өнеркәсіп орталығы. Қаланың іргетасы қаланғанына биыл 55 жыл толып отыр.
Шара Астана, Ақтау қалалары туралы тереңірек түсінік бере отырып, жастардың жүрегіне ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялатуды көздеді. Өз Отанын, туған жерін сүюге шақырып, ұлтын құрметтейтін саналы, білімді, азамат қалыптастыруды мақсат етті.
Рухани кештің қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпат табысталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер облыстық кітапханадан алынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="51453,51456,51455"]