Жақында «Miss Yessenov University 2018» атағына «Транспорт және құрылыс» факультетінің студенті Гүлнұр Мұқаш ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, Miss Yessenov University-2018 байқауы Andres Model Agency Aktau демеушілігімен Ш.Есенов университеті тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
17 наурыз күні «Хан Шахар» салтанат сарайында «Miss Yessenov University -2018» байқауының ақтық кезеңі өткен болатын. Ақтық кезеңге 10 үміткер бойжеткен іріктеу нәтижесінде таңдалып алынған. Байқау комиссиясы алғашқыда Miss Yessenov University 2018 атағына 93 үміткерден өтініш келіп түскенін айтады.
Жеңімпаз Гүлнұр Мұқаш келешекте құрылысшы болуды армандайды. Бұған дейін бірнеше сұлулық байқауларына қатысқан ол подиумда тәжірибесі бар екенін айтады. Бос уақытында сән агенттігінде уақытын өткізгенімен, Гүлнұр болашақта модель болуды жоспарламайды.
- Байқау басталмай тұрып, бас жүлдені алам деп күтпедім, әрине. Дегенмен, бұл уақытта барымды салып, өнерімді көрсетуге тырыстым. Менен үміт күткен, қолдаған барлық жақындарыма, достарыма, группаластарыма көп рахмет! Мұндай конкурстар жиі өткізілсе деген тілек бар, - дейді Гүлнұр Мұқаш.
Ақтық сында қыздарға өздерінің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берілді. Оларды университеттің басшылығының және серіктестер мен демеушілердің өкілдерінен тұратын қазылар алқасы бағалады. Байқаудың нәтижесі бойынша қазылар алқасы конкурстың жеңімпазын анықтады.
I Vice Miss Yessenov University 2018 атағын «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінің студенті Милена Ағатаева, II Vice Miss Yessenov University 2018 атағын «Экономика және құқық» факультетінің студенті Айдана Рахметуллаева жеңіп алды.
Сонымен қатар «Miss Online» атағына «Экономика және құқық» факультетінің студенті Гүлназ Әубекерова ие болды. Байқауға қатысушылар жергілікті брендтердің жарнамалық түсіріліміне қатысатын болады.
Айгүл ДӘДЕН Суреттер Lada.kz сайтынан алынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="50211,50209,50208"]